ссылка на общий сайт
Алматы

222-17-57, +77718007762
Зенков к., 52 үй, Бөгенбай батыр к. қиылысы

+7 (727)
Бөбекжай-бақшаға түсу

Бөбекжай-бақшаға түсу

Тәрбиеленушінің топқа қабылдану жасы ағымдағы оқу жылының 1-ші қыркүйегімен анықталады.

Жас ерекшелігіне қойылатын талаптар:

Тәрбиеленушінің топқа қабылдану жасы ағымдағы оқу жылының 1-ші қыркүйегімен анықталады. Мектепке дайындық тобына қабылдану үшін (Алматы қ. Халықаралық мектебінде оқуды ары қарай жалғастыру үшін)1-ші қыркүйекте тәрбиеленушіге кем дегенде 5,5 жас болуы керек. М.Монтесори әдісімен жұмыс жасайтын,  ағылшын тілінде оқитын әртүрлі жас тобына балалар 3 жастан бастап қабылданады.

Қабылдау төмендегілерді негізге алады:

 • тиісті топтағы бос орындардың болуы,

 • Кіріс тестілеуден сәтті өтуі.

Бөбекжай-бақшаға түсу үшін қажетті құжаттар:

1. Қабылдау туралы өтініш, ата-анасымен/асыраушысымен қол қойылған

2.Туу туралы куәлік немесе төлқұжат (көшірме)

3. Баланың суреті (3х4) 2 дана

4. Медициналық картасы (түпнұсқа), форма №26 (Диспансерлік бақылаулар туралы мәліметтер, мамандарға тексерілу, Қ.Т, Н.Т, гельменттер жұмыртқасы (3 рет г/гл))

5. Анықтама

6. Баланың денсаулық төлқұжаты

7. Баланың егу картасы-форма №63

8. Ата анасының және баланы бөбекжай-бақшасынан алып кетуге құқы бар тұлғалардың жеке куәліктерінің көшірмесі.

9. Баланы бөбекжай-бақшадан алуға құқығы бар адамдарға нотариалды куәландырылған сенімхат (тізіммен бірнеше тұлғаларға да болады)

Бөбекжай-бақшаға қабылдау тәртібі:

Іс-әрекеттер тәртібі

Жауаптылар

1

Ата-аналар бөбекжай-бақшасы мен бағдарламалар туралы ақпарат алады

Офис-менеджері

2

Ата-аналар бөбекжай- бақшаға келетін уақытты алдын ала келіседі

Офис-менеджері

3

Ата-аналар сұхбаттасу күнін келіседі

Офис-менеджері

5

Тәрбиеленуші жантанушы мен тіл маманынан сұхбаттасудан өтеді.

жантанушы, тіл маманы.

 

6

Сұхбаттасудың нәтижелерін тәрбиеленушілерді қабылдау комиссиясы қарастырады

 

Директор, әдіскер, жантанушы, тіл маманы.

 

8

Үміткерді бөбекжай-бақшаға қабылдау/қабылдамау туралы шешім

Бөбекжай-бақша Директоры

9

Сұхбаттасуды өткізгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде ата-аналарды қабылданған шешім бойынша ақпараттандыру

 

Офис-менеджері

10

Ата-аналар Директормен әңгімесуге шақырылады

Бөбекжай-бақша Директоры

11

Егер бала балабақшаға қабылданса, ата-аналар барлық қажетті құжаттарды әкеледі (медициналық картамен бірге), тиісті формаларды толтырады.

 

Офис-менеджері

12

Ата-аналар саясат пен ережелермен танысады

Офис-менеджері

13

Ата-аналар оқыту / тәрбиелеу туралы шартқа қол қояды, кіріс ақысын төлейді, білім алу және тәрбиелеу

 

Офис-менеджері


Кіріс тестілеу қандай мақсатпен жүргізіледі:

1.Кішкентай балалар үшін баланың мектепке дейінгі мекемелерге баруға дайындығы анықталады. Жантанушы ата-аналарға және тәрбиешілерге ұсыныстар жасайды, бейімделуге қатысты ұсыныстар береді.

2. Баланың жасына байланысты даму нормалары анықталады. Жантанушы ата-аналарға және тәрбиешілерге ұсыныстар жасайды, бейімделуге қатысты ұсыныстар береді.

Келесі жаңалықтар