ссылка на общий сайт
Алматы

222-17-57, +77718007762
Зенков к., 52 үй, Бөгенбай батыр к. қиылысы

+7 (727)
Біздің бөбекжай-бақша

«Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» Қоғамдық қорының филиалы Алматы қаласының «Мирас» балабақшасы 2014 жылдың қыркүйек айында ашылды.

«Мирас» бөбекжай-бақшасының ерекшелігі оның отандық және халықаралық бала тәрбиесі бойынша әдістемелерінің негізінде қалыптасқан біріккен бағдарламаны енгізуінде.
2 жастан бастап әр топта оқу және тәрбиелеу екі тілдік ұстаным бойынша, яғни қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Ағылшын тілін үйретуге үлкен көңіл бөлінеді.
Баланың сауықтыру және дамыту кешендік бағдарламасына
дене шынықтыру, жүзу және хореография сияқты сабақтар кіреді.
Бөбекжай-бақшада балалардың сырқаттануын азайту мақсатында емдік-профилактикалық шаралар, яғни тамақ мұрын ультракүлгін сәулесі, массаж, физиологиялық емдеу, ауамен шынықтыру шаралары іске асырылады.

Бөбекжай-бақшаның тәрбиешілері әр шәкіртінің шығармашылық белсенділігін дамытып әрі ынталандырып, әр-бір баланың суретші,ақын болып, өз шығармашылық бастамасын ұжымдық және жеке күйде орындай алатындай болып өсуіне жағдай жасауда.
Отбасымен жұмыс жасау кезінде бөбекжай-бақша ұстаздары «Тек ата-анамен тығыз байланыста болу баланың даму жолында оңтайлы нәтиже бере алады» деген қағиданы ұстанады.


Біздің Ұран:

Баланы дербестікке ұмтылдыру арқылы біз оның табысты болуына көмектесеміз!

Біздің борышымыз:

Үйлесімді дамыған, шығармашылық және интеллектуалдық әлеуеті ашық, өзгеріске толы қоршаған ортаға бейім тұлға тәрбиелеу.

Филиалдар
Алматы, Зенков к., 52 үй, Бөгенбай батыр к. қиылысы

Жұмыс уақыты:
8.00-18.30

Анықтама телефондары:
222-17-57, +77718007762

E-mail:
info@miras-kids.kz

Web site:
Miras-Kids.kz