Ата-аналарға
Тәрбие беру мен оқыту
Мектеп алды білім беру және халықаралық бала тәрбиесі бойынша әдістемелерінің негізінде қалыптасқан біріккен бағдарламаны жүзеге асырып қолдануы «Мирас» бөбекжай-бақшасының ерекшелігі болып саналады.
Мектеп алды білім беру және халықаралық бала тәрбиесі бойынша әдістемелерінің негізінде қалыптасқан біріккен бағдарламаны жүзеге асырып қолдануы - «Мирас» бөбекжай-бақшасының ерекшелігі болып саналады. 2 жастан бастап әр топта билингвальді, яғни екі тілді жүйе енгізілген. Ағылшын тіліне де үлкен назар аударылады. Оқу жоспарына кіретін тіл дамыту, дүниетану,сенсорика/математика, дене шынықтыру, жүзу, хореография, психолог және логопед мамандарымен өтетін сабақтар, тәжірибелер мен әлеуметтік өмір салтына дағдыландыратын сабақтарының басты мақсаты - баланың дұрыс сауығу және үйлесімді дамуына негізделген. Зерттеулерге негізделген оқыту әдісі – ұсынылған материалды неғұрлым тереңірек ұғынуға септігін тигізеді. Бөбекжай-бақша түлегінің келбеті мынадай болуға бағытталған:
1. Зерттей білетін. Табиғи танымдығын білуге құмарлығын белсен дағдыланады, мақсатты бақылау, тапқырлық таныту, тәжірибелерге аса қызығушылықпен және танымдық есептерді жеңіл қолайлы оңай жолмен шешеді. (салыстыру, болжау, дәлелдеу)
2. Білгір болатын. Табиғи құбылыстарды зерттейді, күнделікті тіршілікке кажетті ақпаратты қабылдап, өмірде қолдануға бейімделу.
3. Көпшіл болатын: ана тілінде, орыс тілінде, ағылшын тілінде ақпаратты қабылдап, өз ойын үш тілде жеткізе біледі. Қоғамда жүру ережесімен таныс.
4. Қамқоршыл адам болу. Ықылас білдіреді, аяушылық, қамқорлық, өсімдіктерді баптайды, үй жануарларын қарайды, бір-біріне көмек көрсете біледі, сыйласу, құрметтеу
5. Жан-жақты дамыған адам болу. Жан жақты рухани, салауатты дамудың маңыздылығын түсіну.
6. Талдай білу. Өз пікірін, өз ойын жеткізе білу, талдай білу, тиянақты болу.
7. Жауапкершілікті болу. Әр жасаған қадамына жауапкершілікті болу. Бөбекжай-бақша заттарына тиянақты ұқыпты болу.
8. Дербес адам болу. Өз өзіне қызмет етуде дағдылану, және үйренген дағдыларды қажетті әрекеттерге қолдану.