Бөбекжай-бақшаға түсу
Тәрбиеленушінің топқа қабылдану жасы ағымдағы оқу жылының 1-ші қыркүйегімен анықталады.
Жас ерекшелігіне қойылатын талаптар:
Тәрбиеленушінің топқа қабылдану жасы ағымдағы оқу жылының 1-ші қыркүйегімен анықталады. Мектепке дайындық тобына қабылдану үшін (Алматы қ. Халықаралық мектебінде оқуды ары қарай жалғастыру үшін)1-ші қыркүйекте тәрбиеленушіге кем дегенде 5,5 жас болуы керек. М.Монтесори әдісімен жұмыс жасайтын, ағылшын тілінде оқитын әртүрлі жас тобына балалар 3 жастан бастап қабылданады.
Қабылдау төмендегілерді негізге алады:
• тиісті топтағы бос орындардың болуы,
• Кіріс тестілеуден сәтті өтуі.
Бөбекжай-бақшаға түсу үшін қажетті құжаттар:
1. Қабылдау туралы өтініш, ата-анасымен/асыраушысымен қол қойылған
2.Туу туралы куәлік немесе төлқұжат (көшірме)
3. Баланың суреті (3х4) 2 дана
4. Медициналық картасы (түпнұсқа), форма №26 (Диспансерлік бақылаулар туралы мәліметтер, мамандарға тексерілу, Қ.Т, Н.Т, гельменттер жұмыртқасы (3 рет г/гл))
5. Анықтама
6. Баланың денсаулық төлқұжаты
7. Баланың егу картасы-форма №63
8. Ата анасының және баланы бөбекжай-бақшасынан алып кетуге құқы бар тұлғалардың жеке куәліктерінің көшірмесі.
9. Баланы бөбекжай-бақшадан алуға құқығы бар адамдарға нотариалды куәландырылған сенімхат (тізіммен бірнеше тұлғаларға да болады)
Бөбекжай-бақшаға қабылдау тәртібі:
№ |
Іс-әрекеттер тәртібі |
Жауаптылар |
1 |
Ата-аналар бөбекжай-бақшасы мен бағдарламалар туралы ақпарат алады |
Офис-менеджері |
2 |
Ата-аналар бөбекжай- бақшаға келетін уақытты алдын ала келіседі |
Офис-менеджері |
3 |
Ата-аналар сұхбаттасу күнін келіседі |
Офис-менеджері |
5 |
Тәрбиеленуші жантанушы мен тіл маманынан сұхбаттасудан өтеді. |
жантанушы, тіл маманы.
|
6 |
Сұхбаттасудың нәтижелерін тәрбиеленушілерді қабылдау комиссиясы қарастырады
|
Директор, әдіскер, жантанушы, тіл маманы.
|
8 |
Үміткерді бөбекжай-бақшаға қабылдау/қабылдамау туралы шешім |
Бөбекжай-бақша Директоры |
9 |
Сұхбаттасуды өткізгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде ата-аналарды қабылданған шешім бойынша ақпараттандыру
|
Офис-менеджері |
10 |
Ата-аналар Директормен әңгімесуге шақырылады |
Бөбекжай-бақша Директоры |
11 |
Егер бала балабақшаға қабылданса, ата-аналар барлық қажетті құжаттарды әкеледі (медициналық картамен бірге), тиісті формаларды толтырады. |
Офис-менеджері |
12 |
Ата-аналар саясат пен ережелермен танысады |
Офис-менеджері |
13 |
Ата-аналар оқыту / тәрбиелеу туралы шартқа қол қояды, кіріс ақысын төлейді, білім алу және тәрбиелеу |
Офис-менеджері |
Кіріс тестілеу қандай мақсатпен жүргізіледі:
1.Кішкентай балалар үшін баланың мектепке дейінгі мекемелерге баруға дайындығы анықталады. Жантанушы ата-аналарға және тәрбиешілерге ұсыныстар жасайды, бейімделуге қатысты ұсыныстар береді.
2. Баланың жасына байланысты даму нормалары анықталады. Жантанушы ата-аналарға және тәрбиешілерге ұсыныстар жасайды, бейімделуге қатысты ұсыныстар береді.