30 Сәу. 2025 ж.
Бөбекжай - бақшамызда ата-аналар мен балаларға арналған мазмұнды әрі танымдық іс-шара - Ашық есік күні өткізілді.
Ата - аналар «Менің анам – педагог» жобасына белсенді қатысып, өздерін тәрбиеші ретінде сынап көрді. Олар балалармен түрлі тақырыпта сабақтар өткізіп, тәжірибе алмасты, балаларына шабыт пен қолдау көрсетті.
Көпшілік қызығушылығын тудырған бөлім - аспаздық шеберлік сағаты болды. Онда ата - аналар балаларымен бірге пицца мен печенье пісіріп, жағымды көңіл күй сыйлады.
Іс - шара аясында түрлі бағыттағы белсенділіктер ұйымдастырылды:
спорттық эстафеталар,
робототехника және шахмат сабақтары,
аквагрим, футболка мен шоперге сурет салу,
ұлттық ойындар, асфальтқа сурет салу.
Сонымен қатар, педагог - психолог ата - аналар үшін құм терапиясы бойынша шеберлік сабағын өткізіп, эмоционалдық байланыс орнату және
тану бағытында пайдалы кеңестермен бөлісті.
Іс - шараның соңы - балалардың күнделікті мәзіріндегі тағамдардан тұратын достық дастарханына ұласты. Ата-аналар ұсынылған тағамдардың дәмі мен сапасына оң баға берді.
Бұл күн «Мирас» бөбекжай - бақшасының үлкен де тату ұжымында балаларды, ата - аналарды және педагогтарды біріктірген нағыз бірлік, сенім және мейірімділік мерекесіне айналды.