ссылка на общий сайт
Алматы

222-17-57, +77718007762
Зенков к., 52 үй, Бөгенбай батыр к. қиылысы

+7 (727)
Жаңалықтар

21 Ақп. 2025 ж.

Халықаралық ана тілі күні

21 ақпан күні біздің балабақшада Халықаралық ана тілі күніне арналған іс - шара өтті. 
Аталған шараға тәрбиеленушілердің ата - аналары да белсенді қатысты. 
Бұл күн баршаға ана тілін сақтау мен мәдени дәстүрлерге құрметпен қараудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды.
Ата - аналар өз ұлттарының салт - дәстүрлері жайында әңгімелер дайындап, халық ертегілері мен әндерін, ойындарын таныстырды. Балалар түрлі тілдерде айтылған қызықты әңгімелерді қызығушылықпен тыңдап,
жаңа сөздермен танысып, мәдени әртүрлілік туралы мағлұмат алды.
    Мұндай өзара қарым - қатынас ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, тіл мұрасына деген құрметті тәрбиелеуге және балабақшадағы достық атмосфераны сақтауға ықпал етеді.