1 Қар. 2019 ж.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру«Мирас» бөбекжай - бақшасында мұғалімдердің біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлінеді. Тәрбиешілер Амирова Раушан Кулунбековна, Ибрагимова Вильдана Газизовна, Чалова Анель Аскатовна және ағылшын тілі мұғалімі Mendez Angelica Bigay 2019 жылы қазан айында Нұр - Сұлтан қ., «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ өткен, «Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар» XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қытысты.
Әдіскер Бакытжан Акбота Бакытжанкызы және аға оқытушы Примбетова Алтынай Зинулаевна жеке меншік білім беру ұйымдарының Республикалық қауымдастығында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы тәрбие мен оқыту процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өтті, сонымен қатар кітапханашы Карачкова Серафима Викторовнамен бірге «Көптілділікті енгізу жағдайындағы кітапхананың рөлі» секциясының жетекшілері ретінде, «Өрлеу» ұлттық ғылыми - зерттеу орталығы» АҚ филиалы Алматы қаласындағы мұғалімдерге арналған үзіліссіз білім беру институты ұйымдастырған «Мектептерде үштілді білім беруді енгізу: қазіргі жағдайы және болашағы» атты халықаралық ғылыми - практикалық конференцияға қатысты.
Мәскеу қаласында логопед Свекровина Татьяна Анатольевна, «Логопед – мастер» оқу орталығында «Жоғары психикалық функциялардың фондық аспектілерін бұзу (нейродинамика мәселесі)», «Жоғары психикалық функциялардың нормативтік аспектілерін бұзу (фронтальды синдромдардың)» біліктілікті арттыру курсын өтті.
Психолог Бредихина Наталья Игоревна және Бейнелеу өнері және технология мұғалімі Ефремова Елена Алексеевна Алматы қ. Адамгершілік педагогикасы мен саналы ата - аналар «"ЗЁРНА"» Фестивалі, «Бақытты және табысты балаларды тәрбиелеу» туралы семинарға қатысады.