2 Қыр. 2020 ж.
Бүгін біздің «Мирас» бөбекжай бақшасына 6 жыл толды.
Бақшамыздың туған күнінде барлығына күлкі мен жақсы көңіл-күй сыйладық!
Осы тамаша күні мектепке даярлау топтарында мерекелік линейка өткізілді, балалар ән айтып, жұмбақтар шешіп, би биледі.
Түскі ас кезінде бүлдіршіндерімізге дәмді торт таратылды!