21 Қаң. 2021 ж.
«Достық пен Мейірімділік күні»12 ақпан күні «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы және «SOS балалар ауылдары» қорының президенті, "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева 80 жасқа толады.
Осы мерейлі іс-шараға орай, біздің балабақшамызда бүгін «Достық пен мейірімділік күні» аталып өтті. Бүлдіршіндеріміз өлең жолдар оқып, ән орындап, ойын ойнап, қуанышқа бөленді. Бұл іс-шараның басты мақсаты-балалардың бойында ізгілік пен достық, жақсылық сезімдерін қалыптастыру.