21 Ақп. 2018 ж.
Ата-аналарға арналған «Баланы мектепке қалай дайындау керек?» атты семинарИнтерактивті семинарды 4-5 және 5-6 жас аралығындағы топтардың ата-аналары үшін балабақша психологі Гити Риги өткізді. Семинар барысында ата-аналар қажетті мағлұматтарды алып қана қоймай, психологтың пайдалы кеңестерін тыңдады. Бұдан бөлек, ата-аналар тарапынан семинарға деген қызығушылықтың жоғары болғанын айта кеткен жөн. Көкейде жүрген мәселелерді ортаға салып, психологпен бірлесе талқылады.