Жаңалықтар
11 Қыр. 2018 ж.
Ата – аналар жиналысы
«Мирас» бөбекжай - бақшаның жылдық міндеттердің бірі - отбасы және бөбекжай - бақшамен өзара қарым - қатынасты құру мақсатында, отбасымен жұмыс істеуде сындарлы - әріптестік түрлі нысандар мен әдістерді енгізу. Жаңа оқу жылы әр топта ата - аналар жиналысын өткізуден басталады. Ата - аналар тәрбиешілермен, мамандармен, бір - бірімен танысады, жоспарланатын іс - шаралар туралы қажетті ақпаратты алады, балалардың жастарына қарай тәрбиелеу мен оқыту үшін топтарда өзекті тақырыптарды талқылайды.