Жаңалықтар
12 Ақп. 2019 ж.
«Бала дамуының сенситивті кезеңдері»
07.02.2019 ж. «Мирас» бөбекжай бақшасында «Бала дамуының сенситивті кезеңдері» атты семинар өтті. Семинар аясында: тіл даму кезеңдері, баланы тәртіпке бағыттау, психологиялық тұрғыдан баланы мектепке даярлау, қай жастан әлеуметтік дағдыларды дамыту, музыкалық қабілеттерді қай жастан дағдыландыру, қолдың ұсақ моторикасын қашан дамыту керек екендігі жайында көкейтесті мәселелер талқыланды. Интерактивті жұмыс барысында ата-аналар өз тәжірибесімен бөлісіп, қызықты дисскусияларға қатысты.